Бүкіл маусымға ұпай жинау үшін жақсы мүмкіндік

11.03.2023

Астанада, Алматыда және Павлодарда бес лигада үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының I-ші турының матчтары басталды. Маусымның қорытындысы желтоқсан айында ғана белгілі болады және қазір 2023 жылға жақсы ұпай жинау үшін сенімді түрдегі бастама өте маңызды. Жарыстың бірінші күнінен кейін келесі командалар жеңіліссіз келеді:

Суперлига (Павлодар қ.) – «Altay Pro» (Өскемен), «Alga Exress» (Алматы), «Қарағанды-1» ҮТК, ОРДО (Шымкент);

Екінші лига (Павлодар қ.) - «Pro100» (Алматы), «Масаншы жолбарыстары»;

Үшінші лига (Астана қ.) - «Арыстан» (Орал), «ASM» (Бішкек, Қырғызстан), «Kezar» (Андижан, Өзбекстан), «ТТ Prime» (Қарағанды);

Төртінші лига (Астана қ.) - Тараз, «ТТС Astana-2», «Jenimpaz» (Павлодар), «Marten» (Түркістан);

Бесінші лига (Алматы қ.) - «G-Team» (Алматы), «Dolina» (Ферғана, Өзбекстан), №2 БЖСМ (Астана), «Stiga» (Алматы), Қостанай.

Чемпионат жалғасуда.


Талап Қойбағаров