Іле Алатауының тау бөктеріндегі "Ақ Бұлақ" олимпиадалық орталығында атақты үстел теннисі клубының "ОТМК-Резерв" - Орал тау-кен металлургия компаниясының (Екатеринбург) кіші ракетка жас шеберлері оқу-жаттығу жиынына кірісті. Ресейліктер біздің республикамыздағы халықаралық турнирлердің жиі қонақтары, Қазақстанның ашық командалық чемпионатының қатысушылары. Свердлов облысы құрама командаларының аға жаттықтырушысы Станислав Злобин әңгімелейді: "Жарыстарға әлі қатыспаған 18 адам ұшып келді. Бір аптадан кейін кейбір теннисшілер үйлеріне оралады, ал олардың орнына басқалары келеді. Мұнда біз 16 қаңтарға дейін боламыз. Біз Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын бірінші жыл өткізіп отырған жоқпыз, әдетте бұл тамыз айында орын алады, ал мұнда алынған эмоциялық, физикалық күш-қуат 3-4 айға жетеді. Жиындар өткізу үшін жасалған жағдайлар бұл жерде өте жақсы: таулар, таза ауа, дәмді тамақ, кең спорт залы, жаттығу құрылғылары және қонақжай қожайындар. Біз Қазақстанға достарымызға келдік!».
Талап Қойбағаров