Германиялық 16 жасар Анетт Кауфманн Дюссельдорфта беделді WTT Feeder үстел теннисі турнирінде жеңіске жетті. Аннетт біз үшін бөтен адам емес - оның ата-анасы Германияға Өскемен қаласынан көшіп келген және қазақстандық спорт әлемінде танымал адамдар. Аннеттің әкесі - Андрей Сингилеев "Торпедо" (Өскемен) клубы үшін, Қазақстан құрамасы үшін хоккей ойнады. Анасы - Анна Коршунова фристайлдан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышеваның алғашқы жаттықтырушысы болған. Аннаның айтуынша, оның қызы Аннетт Қазақстанға 2 және 8 жасында екі рет келген.
Талап Қойбағаров