Біз тәжірибелі мамандарды жұмысқа тартамыз

12.05.2026

"AQTOBE" үстел теннисінің кәсіби клубында Беларусь Республикасының тәжірибелі маманы Андрей Сергеевич Мичков жұмысқа кірісті, ол -спорт шебері, командалық есепте ел чемпионы, қос разрядта күміс жүлдегер, ең мықты ТОП-12 турнирінің қола жүлдегері, Францияда (1994 ж.) және Словенияда (1997 ж.) Еуропа біріншіліктерінің қатысушысы.

Ол Кувейт құрамасын, сондай-ақ Краснодар өлкесінің командасын жаттықтырды. Оның басшылығымен спортшылар Ресей біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Ақтөбеде Андрей Сергеевичтің басты міндеттерінің бірі - облыстың жасөспірімдер командасымен жұмыс жасау, ол ойыншылардың шеберлік деңгейін арттыруға, барынша спорттық нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ олардың жоғары физикалық және психологиялық дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.


Талап Қойбағаров