Бірлескен жиын барлығымызға да пайдалы

17.09.2023

22 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Жазғы Азия ойындары бағдарламасында үстел теннисінен турнир өтеді (Азиада деп те аталады). Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева әңгімелейді:

"Біз Азиадаға алғаш рет қатысып отырмыз және Қазақстанның туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы, республикалық үстел теннисі Федерациясы басшылықтарына жылдың маңызды старттарына дайындалуға және қатысуға қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз.

Қазір Алматыда оқу-жаттығу жиындарын (ОЖЖ) өткізудеміз және жұптас-серіктестер ретінде ОТМК (Екатеринбург) атақты клубының теннисшілері, олармен бірге юниорлар арасындағы әлем чемпионы, 4 дүркін Еуропа чемпионы, командалық есептегі әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері жаттықтырушы-ойыншы - Патрик Баумда бар (Германия).

Азиадаға арналған міндеттер?

Кореядағы 2023 жылғы Азия чемпионатында біздің команда жақсы өнер көрсетті, онда ерлер мен әйелдер құрамалары ширек финалға жетіп, 2024 жылғы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды, тағыда сол сияқты жақсы ойын көрсету.

Біз сондай-ақ жеке, жұпта, аралас разрядтарда сәтті ойнауға тырысамыз".

Илья Жидков, ОТMK клубының жаттықтырушысы:

"Біз Алматыға кезекті рет қазақстандық достарымызға, әріптестерімізге келдік. Біз үнемі бірлескен ОЖЖ өткіземіз. Сіздер Азия ойындарына дайындалып жатырсыздар, біз Ресей кубогына (әйелдер) дайындалудамыз - біз бір-бірімізге тағы да көмектесудеміз.

Қазақстандықтарға Азиадада табысты өнер көрсетулерін тілеймін".


Талап Қойбағаров