Үстел теннисінен Қазақстанның ашық чемпионатына қатысушы клубтармен танысуды жалғастырамыз. Жоғары лигада ерлер мен әйелдер командалары бір-бірімен жарысуда, барлығы 19 команда. Бірінші айналымнан кейін 9 ойында 8 жеңіске жетіп, көшбасшыларға "Мартөбе-№12 БЖСМ"-нің ойыншылары Сарвиноз Мирқадірова, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская, Озода Азатова және Сарвиноз Саидмұратханова шықты (Шымкент қаласы, мектеп директоры Хасан Маққамбаев, жаттықтырушылары Миряқұб Мирасланов, Фарида Рахметова). Команда 2006 жылы құрылып, еліміздің әйелдер чемпионатында өнер көрсетіп, тұрақты түрде 2-3 орындар алып жүрді. Әр жылдары "Мартөбе-№12 БЖСМ"-нің намысын спорт шеберлері Гүлмира Хайитбаева, Гүлчехра Құсейінова, Гүлназа Эрматова, Мәлика Илхамжанова қорғады. 2020 жылғы маусымда Шымкенттің теннисшілері "ОТМК-Резерв" (Екатеринбург), "Sigma-2" (Шымкент), екі Павлодарлық, екі Қостанайлық, екі астаналық командаларды жеңіп, турнирлік кестеде лайықты түрде бірінші орынға ие болды.
Суретте Сарвиноз Мирқадірова, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская
Талап Қойбағаров