Павлодарда және Алматыда бір сағат айырмашылықпен Супер және Жоғары лига командалары арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды.Өткенмаусымныңжеңімпазы«Астана» клубы сегіз матчта төрт жеңіліс тапты және бірінші айналымда төртінші орынға тұрақтады. 2018 жылдың күміс жүлдегері «Жетісу»(Алматы облысы, Денис Жолудев, Тимур Келбұғанов, Бекұлан Жамал, Бекен Диас, Мейіржан Толбаев) жарысқа жете дайындалып, 100 пайыздық көрсеткішпен турнирлік кестені басқарды.2018 жылғы қола медаль иелері қостанайлық «Шолақ Терек» теннисшілері екінші орынға тұрақтады,ал суперлиганың дебютанттары «Ақтөбе» үшінші орында.Одан әрі «Астана», ОРДО(Шымкент), «Павлодар», «Альянс» (Бішкек), "Хван Ман Гым" (Өзбекстан), «Қостанай».
Оңтүстік Астанада 14 команда екі кіші
топтарда шайқасты. Бірінші біріккен «Қарағанды – Астана» құрамасы құрамында
Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Темірлан Ким және Алан Құрманғалиев
қарсыластарынан басым түсті және бірінші орынға ие болды. Олардың артында «Жолбарыстар» (Масаншы),
«Ардагер» (Алматы), «Хван Ман Гым-2» (Өзбекстан), «Ертіс» (Павлодар),
«Топжарған» (Шымкент) және «Қарағанды-2» жайғасты.
Екінші кіші топта жеңімпаз «ОТМК-Резерв»
(Екатеринбург, Ресей) және «Қазаэроновигация» (Астана) арасындағы қызу, қызықты
кездесуде анықталды.Жетінші жекпе-жекте он төрт жасар спорт шебері Мария
Степанова Бақытжан Тұрғыннан басым түсіп, «ОТМК-Резерв» бірінші орынға шықты
(Яна Пикарова, Мария Степанова, Вера Смирнова және Арина Зырянова).«Қазаэроновигация»
екінші, «Мәртөбе» (Шымкент) үшінші.
Төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші орындарда тиісінше «Сұңқар»
(Шымкент), «Аttaka» (Қарағанды),
«Rozeno» (Ақтау), «Юность» (Алматы).
Талап Қойбағаров