14 Қаңтарда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеке турнирде "32 үздікке" кіру құқығы үшін біліктілік матчтары өтті. Рейтингке сәйкес еліміздің 16 мықты спортшыларына тағы 16 спортшы қосылды, олар бұған адал спорттық күресте лайық түрде қосылды. Ақтаудан келген 11 жасар Аққу Темірханованың үш рет жеңіске жетіп, чемпионаттың финалдық бөлігіне алғаш рет шығуы күтпеген жағдай болды.
Аққу Темірханова:
"Қарағандыға тәжірибелі теннисшілермен күресуге және топтан шығуға тырысу үшін
келдім. Бірінші міндет орындалды".
Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды): "Мен "32-үздіктер" қатарына екінші рет кіріп отырмын. Мен
турнирлік кестеде алға жылжу үшін барлық күш-жігерімді, шеберлік, дағдыларымды
саламын".
Мәлика Сандыбаева (Нұр-Сұлтан): "Ел чемпионаты - кез келген спортшыға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын
айтулы оқиға. Мұнда өте мықты қарсыластар бар және оларды жеңу өте қиынға түседі.
Тағы да "32 үздіктер" қатарына кірдім. Енді "16" үздіктер қатарына,
содан кейін "үздік сегіздікке" кіруге тырысу керек.
Талап Қойбағаров