Біліктілікті еңсерген жоқпыз

30.01.2020

Магдебургте үстел теннисі бойынша Platinum сериясының "Германия Оупен" атты беделді турнирі өтуде. Бүгін, біліктіліктің соңғы күнінде Кирилл Герасименко (Нұр-Сұлтан қ.) жарыс қожайыны Вальтер Рикардомен (суретте) кездесті. Неміс теннисшісі туралы не білеміз? Ол Германия құрамасының ең көпжақты ойыншыларының бірі. Ол допты жақсы сезе біледі және онда сенімді техникалық элементтердің үлкен жиынтығы бар. Әсіресе, ол бағыттарда жақсы ойнайды, егер оның қарсыласы үстелден алыстап кетсе, ол оны тез "қысып" жібереді. Өкінішке орай, Вальтер Кирилден мықтырақ болды, ол қазақстандықты 4:1-есебімен жеңіп, жарыстың біліктілік кезеңінде қалдырды.

Талап Қойбағаров