Бейсенбі күні жүлделер ұтысқа салынады

20.05.2021

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының Бесінші Жастар спорттық ойындары басталды. Бірінші күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың құрамалары кіші топтарда матчтарын өткізді, сол жерден ақтық "сегіздікке" екі-екіден үздік ұжым шықты. Ұлдар арасында Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Жамбыл облыстары, Алматы және Шымкент қалалары бар. Қыздар арасында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстары жоғары орындар үшін күресті жалғастыратын болады. 19 мамырда бейсенбі күні алтын, күміс, қола жүлделер үшін күресетін командалар белгілі болады.

Талап Қойбағаров