Ливанда (Бейрут қ.) үстел теннисінен "WTT Feeder Beirut" халықаралық турнирі Кирилл Герасименко (Қазақстан) - Чуан Чи-Юань (Тайбэй) арасындағы финалдық матчпен аяқталды. Қазақстандықтың қарсыласы -атақты ракетка шебері, жұптық разрядтағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының 10 дүркін жүлдегері Чуан Чи-Юань (Тайбэй) болды.
Матч өте әсерлі, тартысты, екі қырлы болып шықты және титулды
тайбэйлік ойыншының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.
Кириллді жақсы нәтижемен құттықтаймыз. Финалға дейін ол 4
сенімді жеңіске жетті, оның ішінде Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері
Гьонис Панайотис (Греция), командалық есептегі Азия чемпионатының қола жүлдегері
Сатиян Гнанасекарян (Үндістан) сияқты ойыншылар бар.
Қазақстан спортшыларының қоржынында сондай-ақ екі қола
медаль бар, ол жүлделерді жұптық разрядта Айдос
Кенжегұлов/Алан Құрманғалиев және ЗәурешАқашева/Сарвиноз Мирқадірова жеңіп
алды.
Талап Қойбағаров