Бес жеңіс және екі жеңіліс

19.05.2022

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Берлинде (Германия) өтіп жатқан "WTT Youth Contender" өкілдік турнирінде өнер көрсетуді аяқтады. 15 жастағы спортшылар арасындағы жарыста Алан, Витель Нойды (Франция) 3:0, Бастиан Мейерді (Германия) 3:1 есептерімен жеңіп, ал 1/16 финалда Чой Джиукке (Корея) 0:3 есебімен жол берді. Бір күн бұрын біздің теннисші 17 жас санатында ширек финалға жетіп, төрт матчтың үшеуінде жеңіске жеткен болатын.

Суретте жаттықтырушы Бартош Сух пен Алан Құрманғалиев.

Талап Қойбағаров