Батуми шақырады

16.09.2025

Қазақстанның 25 спортшысы Грузияда үстел теннисінен "WTT Youth Contender Batumi" халықаралық турнирінде 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі жас санаттарында өнер көрсетеді. Біздің қарсыластарымыз келесі елдер - Әзірбайжан, Англия, Болгария, Голландия, Грузия, Үндістан, Израиль, Қырғызстан, Литва, Молдова, БАӘ, Польша, Словакия, Солтүстік Македония, Түрікменстан, Түркия, Украина, Франция.


Матчтар 18-21 қыркүйек аралығында өтеді.


Талап Қойбағаров