Еліміздің ашық командалық чемпионатының III туры жалғасуда, онда Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Қазақстанның спортшылары Астана, Алматы, Өскемен қалаларының заманауи, тамаша үстел теннисі орталықтарында матчтар өткізуде. Кеше жарыстың бірінші күнінен кейін 16 клуб жеңіліссіз келе жатқан болатын, ал бүгінде олардың саны 6-ға дейін қысқарды.
Суперлига: "Altay Pro" (Өскемен).
2-ші лига:
"Allur" (Қостанай), TTC "Astana".
3-ші лига: "Арыстан"
(Орал).
4-ші лига: жеңіліссіз
командалар жоқ.
5-ші лига:
"Dolina" (Ферғана), "Kaysar" (Қызылорда).
Чемпионаттың III туры ертең аяқталады.
Талап Қойбағаров