Астанада «WTT Star Contender Astana 2026 - President’s Cup» турнирінің салтанатты ашылуы өтті, онда халықаралық турнирге қатысушыларға, қонақтарға, жанкүйерлерге Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық үстел теннисі Федерациясының президенті Петра Сёрлинг, Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының вице-президенті Нурасыл Медеу құттықтау сөз сөйледі.
Жарыс бес қашықтық бойынша өтеді: ерлер мен әйелдердің
жеке разрядтары, ерлер мен әйелдердің жұптық разрядтары, сондай-ақ миксте.


Талап Қойбағаров

