Барлығын Финал шешеді

20.03.2021

20 наурызда Орталық Азия өңірінен үстел теннисінен Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады. Ерлер финалында Жапонияға жолдаманы Зохид Кенжаев (Өзбекстан) және Нима Аламиян (Иран), әйелдер арасында Анастасия Лаврова (Қазақстан) - Мархабо Мағдиева (Өзбекстан) ұтысқа салады. Жартылай финалда соңғы 7-ші партияда Настя тәжірибелі Нед Шахсавариден (Иран) 8:10-есебімен жеңіліп жатты, бірақ барлық күш-жігерін жинап, жеңіске жетті, есеп 12:10. 1-ші орын үшін матчта оны Өзбекстанның 16 жастағы чемпионы күтуде. Кирилл Герасименко ½ финалда Зохид Кенжаевқа жол берді, 3:4.

Талап Қойбағаров