Барлығы үстел теннисінің игілігі үшін

13.02.2024

Ынтымақтастық туралы Меморандумға Республикалық үстел теннисі Федерациясы, ҚР Ұлттық Олимпиада Комитеті және Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қол қойды, оның мақсаты еліміздің осы өңірінде үстел теннисін дамыту бойынша әріптестік қатынастар орнату, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Бұл жобаны іске асыру үшін не қажет?

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жоспарында спорттағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында үстел теннисі бөлімін, Текелі қаласында, Ақсу, Алакөл, Қаратал, Сарқан, Кербұлақ, Көксу, Панфилов аудан орталықтарында стационарлық залдарды ашу, Текелі қаласында бөлім, Ақсу, Алакөл, Қаратал, Сарқан аудан орталықтарында, үстел теннисінің кәсіби клубын ашу болып табылады.

Республикалық Федерация өз кезегінде жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарын, спорт төрешілеріне арналған онлайн-семинарларды, Жетісу облысының спортшыларына арналған оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады.

Бұл Меморандум үстел теннисінің игілігі үшін бірлескен жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді.


Талап Қойбағаров