14 наурызда қазақстандықтар үшін үстел теннисінен әлемдік олимпиадалық біліктілік басталып және сол күні аяқталды. Токиоға 9 жолдама алу үшін күреске 78 теннисші ұлдар мен 63 теннисші қыздар қатысты. Алдымен Айдос Кенжеғұлов Эрик Клодқа (Люксембург) 0:4 есебімен жол берді. Содан кейін Зәуреш Ақашева Шарлотт Кэриге (Уэльс) 0:4 есебімен ұтылды, ал Анастасия Лаврова Дебора Вивареллиден (Италия) 0:4 есебімен жеңіліс тапты. Қазақстандықтардың арасында алаңға соңғы болып Кирилл Герасименко шықты, оған біздің барлық жанкүйерлеріміз, мамандар ерекше үміт артты. Өкінішке орай, Кирилл Любомир Япчаржикпен (Чехия) өткізілген матчта пассивті ойын көрсетті, нәтижесінде есеп 2:4 болып теріс нәтиже берді. Енді 18 наурызда болатын Азия олимпиадалық біліктілігінің басталуын күтеміз, онда төрт жылдың негізгі жарыстарына лицензия алуға тырысамыз.
Талап Қойбағаров