Үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатында соңғы күн аяқталды. Суперлигада шымкенттік " Sigma " ұпай жоғалтпай келеді, ал ақтөбелік " Greenwill", жергілікті " Karaganda " өз қарсыластарына бір реттен ұтылды. Қорытынды турдың жексенбілік матчтары алдында төртінші орында Хван Ман-Гым (Өзбекстан) СК, одан кейін "Шолақ-Терек" (Қостанай облысы), "Karaganda-2", "Қазаэронавигация" (Нұр-Сұлтан), "Масаншы жолбарыстары" (Жамбыл облысы), "Астана", "Жетісу" (Алматы облысы).
Жоғары лигада (23 команда) еліміздің ең мықты дивизионына
екі жолдама үшін күрес шиеленісе түсті: "Sigma Shymkent" (Шымкент) -
12 ұпай, "Риха" (Қырғызстан) - 11 ұпай, "Alga Express"
(Алматы) - 11 ұпай, "Павлодар" - 10 ұпай.
Талап Қойбағаров