Барлық жүлделерді алып қойды

29.03.2021

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оңтүстік астанада 2006 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтті және сәтті аяқталды. Қарағандылық Алан Құрманғалиев төрт алтын медальді жеңіп алды, ол жеке, жұптық, аралас, командалық есептерде ең мықты болды. Виктория Мочалкина (Қарағанды) екі бірінші орынға және бір екінші орынға ие болды. Аружан Бекіш пен Аружан Ілияс өздерінің туған қаласы Оралға алтын, күміс жүлделерді алып барады. Алматыда Әмір Торғайбеков (Қарағанды) еліміздің екі дүркін чемпионы атанды.

Ұлдар, финал:

Алан Құрманғалиев (Қарағанды) - Әмір Торғайбеков (Қарағанды) 3:1.

Қыздар, финал:

Алиса Цвигун (Нұр-Сұлтан) - Виктория Мочалкина (Қарағанды) 3:0.

Жұптық разряд, ұлдар, финал:

Алан Құрманғалиев/Әмір Торғайбеков (Қарағанды) - Ши Данян/Арнұр Оралханов (Алматы / ШҚО) 3:0.

Жұптық разряд, қыздар, финал:

Аружан Бекіш / Аружан Ілияс (БҚО) - Аида Үсіпбаева / Алиса Цвигун (Шымкент/Нұр-Сұлтан) 3:0.

Аралас разряд, финал:

Алан Құрманғалиев / Виктория Мочалкина (Қарағанды) - Дінмұхаммед Қасенов/Елизавета Лаврова (Нұр-Сұлтан) 3:0.


Талап Қойбағаров