"AQTOBE" үстел теннисінің орталығында жүлде қоры 5 600 000 теңгені құрайтын "AQTOBE CUP" республикалық турнирі аяқталуда. Тамаша зал, достық атмосфера Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшыларының жоғары деңгейдегі теннисті көрсетуіне оң әсерін тигізді. 5 қарашада тартысты жекпе-жектен кейін ерлер мен әйелдер арасындағы чемпиондар, жүлдегерлер анықталды.
Финал, ерлер:
Денис
Жолудев (Өскемен)
- Иван Никулин (Санкт-Петербург) 3:2.
3 орын үшін матч:
Ескендір Харки (Масаншы) - Евгений Груздов (Санкт-Петербург)
3:0.
Финал, әйелдер:
Валентина
Оспанова (Алматы) - Валерия Кудинова (Мәскеу) 3:2.
Үшінші орын үшін матч:
Аружан
Ілияс
(Орал)
– Гүлноза Камилжанова (Шымкент) 3:1.
Жексенбіде ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық разрядта,
сондай-ақ 2010 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында жеке жарыстарда
медальдар, ақшалай сыйлықтар ойналады.
Финалда ұлдар арасында ойнайтындар:
Нәби Кисан (Ақтөбе) – Йигитәли Сұлтанмұратов (Шымкент).
3 орын үшін күресетіндер:
Расұл Кисан (Ақтөбе) – Асылхан Мағзұмбеков (Қарағанды).
Финалда қыздар арасында өнер көрсететіндер:
Мария Лукьянова (Қарағанды) - Маржан Амангелді (Ақтау).
3 орын үшін жекпе жек өткізетіндер:
Айя Уәли (Ақтау) - Рианна Мұстафа (Ақтау).
Талап Қойбағаров