Барлық іс-шаралар тек таза ауада

27.10.2020

Теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте (Алматы облысындағы "Ақ бұлақ" базасы) Алматы, Қарағанды, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Ақтау, Семей, Жамбыл және Павлодар облыстарының 30 дарынды, жас және жасөспірім кіші ракетка шеберлері оқу-жаттығу жиынына кірісті. 28 қазанға дейін спортшылар карантин аймағында болады және барлық іс-шаралар тек таза ауада - бұл кросс, жалпы дене дайындығы, қозғалмалы ойындар, жүгіру жаттығулары, теориялық дайындық. Теннисшілермен Евгений Тимченко, Самат Бейсенов, Александр Брижевский, Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия, онлайн-сабақтар) жұмыс істеуде. Сәрсенбіде ОЖЖ-ның барлық қатысушылары олимпиадалық орталықтың залына барады және онда үстел үстіндегі жаттығулар басталады.


Талап Қойбағаров