Бахрейнде өнер көрсетуді аяқтады

28.10.2025

Бахрейнде (Манама қ.) III жасөспірімдер Азия ойындары бағдарламасында үстел теннисінен турнир өтуде және бүгін финалдың 1/16-бөлігінде қазақстандық спортшы Дарья Фу Үндістан құрамасының бірінші нөмірі Дас Синдреламен кездесті (17 жастағылар арасында әлемдік рейтингте 18-ші орын). Матч Синдреланың басымдылығымен өтті, ол 3-0 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындарында Дарья Фу Амина Адамды (Мальдивтер), Рагад Ахмедтті (Йемен) жеңіп, Хансини Матаннан (Үндістан) ұтылды.


Талап Қойбағаров