БАӘ-де үшінші орын

24.10.2025

Біріккен Араб Әмірліктерінде (Дубай қ.) Бахрейн, Мысыр, Үндістан, Иран, Индонезия, Қазақстан, Катар, Корея, Кувейт, Кения, Литва, Ресей, Сингапур, Сауд Арабиясы, АҚШ, Хорватия спортшыларының қатысуымен үстел теннисінен "WTT Youth Contender" халықаралық турнирі өтуде.

15 жасқа дейінгі жас санатында миксте үшінші орынды Алексей Маркин/Анколика Чакраборти (Қазақстан/Үндістан) иеленді. Олар 3 жеңіске жетті, ал жартылай финалда корейлік спортшылар Ким Джиху/Ким Гюринге 2:3 есебімен жол берді.


Талап Қойбағаров