Азиядағы барлық қарсыластар күшті

04.09.2019

Моңғолияның астанасында (Ұлан-Батыр) жас өспірімдер-кадеттер арасында үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасуда және ертең командалық есепте алтын, күміс, қола медалдар анықталады. Қазақстандықтар Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент), Сағантай Құрманбаев (Семей), Темірлан Ким (Қарағанды), Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Санжар Жұбанов (Орал), жаттықтырушы Татьяна Ким (Қарағанды) Иранға, Таиландқа (юниорлар), Үндістан, Жапонияға (кадеттерге) жол беріп, топтық кедергіні еңсере алмады. Енді біздің спортшылар жұптық разрядта, жеке турнирде өнер көрсетеді. Сәттілік тілейміз!

Талап Қойбағаров