Бангкокта (Таиланд) (ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясының "The Asia Continental Hopes Week" бағдарламасындағы жаттығу жиыны аяқталды. Алты күн бойы Ливан, Катар, Малайзия, Үндістан, Иран, Мальдив, Таиланд, Сирия, Ирак, Шри Ланка, Сингапур, Филиппин, Қазақстанның жас, талантты спортшылары ITTF халықаралық сарапшылары Ёже УР (Словения) және Ли Фонг Бехтің (Малайзия) басшылығымен өз техникаларын түзетіп, үстел теннисі ойынының жаңа тәсілдері мен стильдерін зерттеді. Жиын соңында іріктеу турнирі өтті, оның жеңімпаздары әлемдік "ITTF World Hopes Week and Challenge" атты турнирінің екі жолдамасына ие болды. Эльмира Әлиеваның тәрбиеленушісі - қарағандылық Алан Құрманғалиев (суретте), ұл балалар арасында чемпион атанып, "ITTF World Hopes Week and Challenge" жолдамасын жеңіп алды. Құттықтаймыз! Ел құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваның сөзі: "Қазақстан төртінші жыл осы даму бағдарламасына қатысып келеді, бізге бірінші рет Азия іріктеу турнирін еңсеру қолымыздан келді. Бангкокта Алан өз тобында Филиппин, Таиланд, Сингапур, Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Жартылай финалда тай спортшысымен кездесіп, Алан одан мықтырақ болды есеп 3:1. Финалда бізді Үндістаннан келген теннисші Оишик Гхош күтіп тұрды. Біз екі күн бойы Үнді спортшысының ойынын зерттеп, бейнежазбасын қарап шықтық, тактикасын талқыладық. Оның күрделі кесулер мен тамаша аспалы топ-спиндері, тұрақты қатты блоктары бар, бағыттар бойынша жақсы ойнайды. Алан ақылды, белгіленген тактиканы ұстанып, турнирді жеңіп, чемпион атанды. ITTF сарапшылары Аланның техникасы мен тактикалық ойынын атап өтті. Осы нәтижесімен Алан Құрманғалиев әлемдік аренаға және басқа да қазақстандық жас теннисшілерге жол ашады.
Виктория
Мочалкинаға келер болсақ, ол үш жеңіспен 6-орынға ие болды. Егер Виканың жасы қарсыластарынан
әлдеқайда кіші екенін ескерсек, бұл жақсы нәтиже. Келесі жылы өз құрдастарының арасында ол жақсы нәтиже көрсетеді.
Мен бұған күмән келтірмеймін".
Талап
Қойбағаров