Астанада 27 маусым мен 4 шілде аралығында Бангкокта (Таиланд) өтетін үстел теннисінен 30-шы Азия жастар чемпионатына дайындық бойынша оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өтуде. Біздің команданың құрамы келесідей:
Ұлдар U19:
Алан
Курмангалиев, Кадырали Кабдылуахитов, Нурислам Касым, Арнур Оралханов.
Қыздар U19:
Альбина
Жаксылыкова, Дарья Фу, Алиса Цвигун, Дарья Гамова.
Ұлдар U15:
Нұрдаулет
Азаматұлы, Мансұр Сүйіндік, Игитали Султанмуратов, Марлен Жұмағұл.
Қыздар U15:
Мария
Лукьянова, Жания Бекмухамбетова, Ойдин Камилжанова, Амира Әлімгерей.
ОЖЖ Ресей, Беларусь елдерінен спарринг-серіктестерді
тарта отырып, Қазақстанның ұлттық командасымен бірлесіп өтуде. Жасөспірімдер құрамасының
аға жаттықтырушысы Самат
Бейсенов атап өткендей, оқу -
жаттығу жиынының негізгі міндеті - спортшыларды Азия чемпионатына шығару. Қазір тұрақтылық, допты үстелде ұстау,
аяқтың қозғалысы бойынша жұмыс жүріп жатыр. Спаррингтік серіктестермен біз ойын
сапасын арттырамыз, жоғары жылдамдыққа үйренеміз.
Талап Қойбағаров

