Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) Азия үстел теннисі одағымен (ATTU) бірлесіп ұйымдастыратын ең беделді жасөспірімдер жобаларының бірі - 29 шілде мен 3 тамыз аралығында ITTF-ATTU Asia Hopes Week & Challenge Almaty 2026 Алматыда өтеді.
Іс-шараға тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен
жаттығатын 15 елден 39 талантты жас
спортшылар қатысады.
Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша турнир өтеді,
онда әлемдік
ITTF
World Hopes Week & Challenge Sheffield 2026-ға жолдама
алатын Азияның алты (үш ұл және үш қыз) өкілі анықталады.
ITTF-ATTU
Asia Hopes Week & Challenge - таланттарды іздеудің континенттік бағдарламасы.
Талап Қойбағаров

