Халықаралық санаттағы қазақстандық төреші Тимур Ходжаев Жапонияда 20-28 қыркүйек аралығында өтіп жатқан XX Азия ойындарында үстел теннисінен жарыстардың төрешілер бригадасының құрамына кірді.
Турнирге төрешілікке әлемнің 15 елінен 20 халықаралық төрешіні қосқанда 40 төреші қатысты.
Тимур Ходжаев Азия ойындарында үстел теннисінен жарыстардың төрешілігіне тартылған Қазақстанның алғашқы өкілі болды.

