Азия чемпионатындағы қазақстандық төрешілер

15.10.2026

Халықаралық санаттағы төрешілер Айман Қапарова (Астана) мен Дильназ Жалалдин (Алматы) 19-25 қазан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) 30 елден 250-ден астам спортшының қатысуымен өтетін үстел теннисінен XXIX Азия чемпионатының төрешілер бригадасының құрамына кірді.

Осы деңгейдегі турнирге тағайындау Халықаралық үстел теннисі федерациясы мен Азия үстел теннисі Одағының ірі жарыстардағы жұмыс тәжірибесі ескеріле отырып, жоғары кәсібилігі мен сенімін мойындау болып табылады.


Айман Қапарова, Дильназ Жалалдиннің қызметтік тізімінде Азия чемпионаты (Астана), ҚР Президенті Кубогы 2025, 2026 (Астана), «WTT Youth Contender Almaty 2023, 2024, 2025, 2026», «WTT Contender Almaty 2023, 2024, 2025, 2026» турнирлері, Қазақстан чемпионаттары бар .


Талап Қойбағаров