Азия чемпионатындағы қазақстандық төреші

11.09.2026

«White badge» халықаралық санатының төрешісі Бақзада Байжан (Астана) 19-25 қазан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін үстел теннисінен 29-шы Азия чемпионатының төрешілер бригадасының құрамына кірді.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы мен Азия үстел теннисі Одағының осы деңгейдегі турнирге тағайындау жоғары кәсібилігі мен сенімін мойындау болып саналады, мұнда ірі жарыстардағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі.


Бақзада Байжанның қызметтік тізімінде Азия чемпионаты (Астана), ҚР Президентінің кубогы (Астана), «WTT Youth Contender Almaty 2023, 2024, 2025, 2026», «WTT Contender Almaty 2023, 2024, 2025, 2026» турнирлер, Қазақстан чемпионаттары келтірілген.


Талап Қойбағаров