Үстел теннисінен 26-шы Азия чемпионаты Пхенчхан қаласында (Корея) өтуде. Қазақстан ұлттық құрамасы (Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Владислав Захаров, Сарвиноз Мирқадірова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Ангелина Романовская) командалық турнирде ойынды сәтті бастап, финалдық сегіздікке шықты. Құттықтаймыз!
Біздің спортшы қыздар Бангладешті 3-0, Пакистанды 3-0, Өзбекстанды 3-0, ал ұлдарымыз Непалды 3-0, Бангладешті 3-0, Қырғызстанды 3-0, Таиландты 3-2 есебімен жеңді.
Талап Қойбағаров