Азия чемпионаты Катарда өтетін болды

18.09.2020

Азия үстел теннисі Одағының президенті Цай Чжэньхуанның төрағалығымен ATTU Конгресінің кезектен тыс онлайн-отырысы өтті, оған Қазақстан Үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пакта қатысты. Онда 2019 жылғы 18 қыркүйекте Джокьякарта қаласында (Индонезия) өткен конгресс отырысының хаттамасы бекітілді, ATTU қаржылық аудиті туралы баяндама қаралды және Доха қаласында (Катар) 2021 жылғы Азия чемпионатын өткізу туралы шешім қабылданды.

Талап Қойбағаров