Алматыда үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының Азия чемпионатына дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиыны басталды. Азия чемпионаты 19-25 қазан аралығында Ташкент қаласында өтеді. Беделді құрлықтық додада 30 елдің спортшылары жекелей, жұптық, аралас жұптық және командалық разрядтарда бақ сынайды.
Талап Койбагаров

