Бүгін сағат 00.15 "Алматы-Гонконг-Денпасар-Джокьякарта (Индонезия)" әуе рейсімен үстел теннисінен Қазақстан құрамасы 24-ші Азия чемпионатына аттанды. Ракетканың шеберлері Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Бекұлан Жамал, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева және Гүлчехра Құсейінова (бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева, аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзев, жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко) 15-22 қыркүйек аралығында командалық турнирде, жеке, жұптық, аралас разрядтарда өнер көрсетеді. Қазақстандықтарға сәттілік тілейміз!
Талап Қойбағаров