Қазақстан құрамасы халықаралық World Table Tennis турнирлерінде жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген мықты әрі болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардан жасақталған.
Осы спортшылар «WTT Youth Contender Almaty 2026» турнирінде ел намысын
қорғайды!
Ұлдар арасында:
•
Курманғалиев Алан – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы әлем
чемпионы (аралас жұптық сайыс), жастар арасындағы Азия чемпионатының қола
жүлдегері. 2019 жылы Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) оны «Hopes
Week & Challenge» әлемдік турнирінің үздік ойыншысы деп таныды.
• Жұмағұл Абай – «WTT Youth Contender Panagyurishte», «WTT Youth Contender Almaty», «WTT
Youth Contender Batumi» турнирлерінің жеңімпазы.
• Маркин Алексей – «WTT Youth Contender Tashkent» халықаралық турнирінің қола жүлдегері.
• Ералхан Дулат – және «WTT Youth Contender Almaty» халықаралық турнирінің қола және күміс жүлдегері.
• Яковлев Олег – «WTT Youth Contender Berlin», «WTT Youth Contender Batumi», «WTT Youth
Contender Almaty» турнирлерінде үшінші орын иеленген.
• Азаматұлы Нұрдәулет – «WTT Youth Contender Beirut» халықаралық жасөспірімдер турнирінің жүлдегері.
Қыздар арасында:
• Фу Дарья – спорт шебері, Қазақстан Республикасының ең үздік жасөспірім спортшылары арасындағы ТОП-12 турнирінің чемпионы.
• Лукьянова Мария – спорт шебері, «WTT Youth Contender Jezzine», «WTT Youth Contender Batumi» турнирлерінің жеңімпазы.
• Бекмұхамбетова Жания – Болгария, Испания, Словения, Словакия, Хорватия, Италия, Мажарстан, Грузия және Мысырда өткен халықаралық жасөспірімдер арасындағы WTT турнирлерінің жеңімпазы.
• Әлжанова Аделя – «WTT Youth Contender Tashkent» турнирінің чемпионы.
Бұл – «WTT Youth Contender Almaty»
халықаралық жасөспірімдер турнирінде Қазақстанның намысын қорғайтын құраманың бір бөлігі ғана.
Турнирдің бас серіктестері – «Самұрық-Қазына» АҚ және туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры Sport Qory.
Қазақстан үстел теннисі федерациясы демеушілік қолдау көрсеткен ADD Capital, Halyk Bank, Allur, Kazakhmys және ERG компанияларына алғыс білдіреді.
Халықаралық турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне және Алматы қаласының әкімдігіне ерекше алғысымызды білдіреміз.

