Қазақстанның үстел теннисі Федерациясында жаңа Президент

08.06.2018

Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясының президенті болып Данияр Абылғазин тағайындалды. Мұндай шешім Астана қаласында өткен Федерацияның жылдық есеп беру конференциясында қабылданды. Осы қызметте ол Қасым-Жомарт Тоқаевты ауыстырды. Бұған дейін Д. Абылғазин Федерацияның бас хатшысы қызметін атқарып келген.

« Бірінші орында, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстанда үстел теннисінің құрылуына және дамуына орын толмас үлесін қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Оның басшылығымен материалдық-техникалық базаны нығайту, аймақтардағы спорт инфрақұрылымы, жаттықтырушы кадрларының біліктілігін арттыру, сондай-ақ бұқаралық спорт түрі бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Федерация қызметінің негізгі бағытының бірі ол халықаралық қауымдастықтағы ұстанымды нығайту болды. Сондықтан біздің алдымызда тұрған міндеттер өзгермейді. Біз отандық үстел теннисін дамытуды ары қарай жалғастыратын боламыз», - деді Данияр Абылғазин.

Естеріңізге салатын болсақ, өткен жылдың соңында Астанада алғаш рет ТМД елдерінің аймағында әлемдік үстел теннисі көшбасшыларының қатысуымен ITTF World Tour Grand Finals Халықаралық үстел теннисі федерациясының ең басты турнирі өткен болатын. Федерацияның Халықаралық жұмыс бағыты сонымен-қатар қазақстандық жасөспірім спортшылардың шет елдегі жиындары және турнирлердің сандық мөлшерін көбейтуге бағытталатын болады, мұндай шаралар құраманың жақын резервтегі дайындық сапасын қамтамасыз етеді, сондай-ақ отандық мамандарға халықаралық жаттықтырушылар курсын ұйымдастыруға көмектеседі.