Ағымдағы жылы (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы командалық әлем чемпионатына іріктеудің жаңа жүйесін қолданды, оның шеңберінде әлемнің ең мықты 64 командасы ғана финалдық кезеңге қатысады. Осыған байланысты бәсекелестік деңгейі және әлемдік біріншіліктің басты командалық стартына іріктеуден өту қиындығы айтарлықтай өсті.
Мұндай жағдайда Қазақстанның ерлер мен әйелдер ұлттық командалары халықаралық спорт аренасында дайындық пен бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсетті.
Топтық кезең аясында ерлер құрамасы мына командаларды Түркия 3:1, Мысыр 3:2, Таиланд 3:1 есебімен жеңіп, play-off кезеңіне сенімді түрде шықты. 1/16 финалда қазақстандық теннисшілер Испания құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Ширек финалға шығу матчында Қазақстан тартысты қарсыластықта Жапонияға 1:3 есебімен жол берді.
Қазақстанның әйелдер құрамасы топтық кезеңде Моңғолия 3:0, Чехия 3:2 командаларын жеңіп, Бразилия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылды, ал түйісу матчында Бельгия құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді, осылайша play-off кезеңіне шығуды қамтамасыз етті. 1/8 финалына шығу үшін арналған кездесуінде қазақстандық спортшылар Швеция командасына 1:3 есебімен жол берді.
Жарыс
қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы әлемнің ең мықты ТОП-10 командасының қатарына кіріп,
9-орынға ие болды, ал әйелдер құрамасы 17-орынға жайғасты.
Бұл нәтижелер қазақстандық командалардың әлем чемпионаттарында өнер көрсету тарихындағы үздік нәтижелер болып табылады, бұл елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін, сондай-ақ алдағы халықаралық старттар мен 2027 жылғы 22-30 мамыр аралығында біздің елімізде Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық қарсаңында ұлттық құрамалардың жоғары әлеуетін растайды.

