Қазақстанның ауылдарында үстел теннисі қолжетімді

25.03.2025

«AUYL SPORT» жобасы өзінің көкжиегін кеңейтуді жалғастыруда және өзінің спорт түрлері бағдарламасына үстел теннисін енгізді. Бұл «Halyk» қайырымдылық қоры мен Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою арқылы мүмкін болды.

Келісім ауылдық жерлерде олимпиадалық спорт түрін насихаттауға, балаларды үстел теннисімен шұғылдануға тартуға, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға, әдістемелік қолдауға бағытталған.

Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) сайтына сәйкес, бұқаралық жағынан үстел теннисі басқа спорт түрлері арасында әлемде бірінші орында тұр, ал «AUYL SPORT» арқасында ауылдық жерлерден келген қазақстандық балаларға кәсіби деңгейге шығуға мүмкіндік туады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы іске қосылған «AUYL SPORT» жобасы еліміздің 200 елді мекенінен 12 000 жас спортшы қатысатын ауыл балалары үшін ең ірі спорттық бастама болды. Бағдарламаға бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат кіреді, ал осы жылдан бастап үстел теннисі қосылды.