Оточец - Словенияның оңтүстік-шығысындағы ауыл үстел теннисінен «WTT Feeder Otocec» халықаралық турнирге қатысушыларды қабылдайды. Медальға үміткерлердің арасында Симон Гози (Франция) - 2024 жылғы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері, 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлде иегері, Андрей Гачина (Хорватия) - бес Олимпиада Ойындарының қатысушысы, Еуропа чемпионы, Айзек Квек (Сингапур) - Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, Дени Козул (Словения) - Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Сабина Винтер (Германия) - Еуропаның алты дүркін чемпионы, Сато Хитоми (Жапония) - Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Джулия Такахаши (Бразилия) - Панамерикалық ойындардың үш дүркін чемпионы, сияқты танымал спортшылар бар.
Қазақстанның атынан
Словенияда Алан Курмангалиев, Зауреш Акашева, Айдос Кенжигулов, Сарвиноз Миркадирова
өнер көрсетеді.
Талап Қойбағаров