Зелена-Гура қаласында (Польша) Австрия, Германия, Голландия, Қазақстан, Литва, Польша, Украинадан 270 спортшының қатысуымен үстел теннисінен 15-ші халықаралық турнир өтті. U13 жас санатында біздің теннисшілер екі алтын медаль жеңіп алды. Мәселен, жеке разрядта Заңғар Әбдімажит (Шымкент) ерекше болды және ол Нұржан Бақдәулетпен (Шымкент) бірге командалық жарыстың финалдық матчында Польшадан 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров

