Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty Халықаралық жасөспірімдер турнирі жалғасуда.
U15 жас санатындағы аралас жұптық санатта қарағандылықтар
Олег Яковлев /Мария
Лукьянова (жаттықтырушылар Татьяна Ким/ Александр Брижевский) қола жүлдеге ие болды. Олар Өзбекстанды, Кореяны,
Малайзияны жеңіп, Үндістаннан жеңіліп, 3-орынға ие болды.
Құттықтаймыз!
Турнирдің бас серіктестері "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және "Sport Qory"туризм және спорт индустриясын қолдау қоры болып табылады.
Қазақстанның үстел теннисі федерациясы ADD
Capital, Halyk Bank, Allur, Kazakhmys және
ERG компанияларына демеушілік көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.
Халықаралық турнирді ұйымдастыруға жәрдемдескендері үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлігіне және Алматы қаласы әкімдігіне жеке алғыс білдіреміз.
Талап Қойбағаров

