Қазақстандықтарда жеті медаль

26.07.2025

Бүгін Алматыда аяқталған үстел теннисінен "WTT Youth Contender" халықаралық турнирінде қазақстандықтар екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды, оған Азия, Африка, Америка, Еуропадан 235 спортшы қатысты.

Ерекше көзге түскендер:

2 орын Алан Курмангалиев (жаттықтырушысы Эльмира Алиева, Қарағанды).

2 орын Злата Стадник (жаттықтырушысы Татьяна Ким, Қарағанды).

3 орын Каракат Мейрхан (жаттықтырушысы Бауыржан Шайхин, Семей қ.).

3 орын Аделя Әлжанова (жаттықтырушылары Ернар Ибрай, Дмитрий Переверзев, Қызылорда).

3 орын Нурдаулет Азаматулы (жаттықтырушысы Кирилл Сотник, Өскемен).

3 орын Жания Бекмухамбетова (жаттықтырушысы Юлия Даниярова, Қостанай).

3 орын Арайлым Сапабек (жаттықтырушысы Динара Капанова, Астана).

Құттықтаймыз!


Жарыстың бас төрешісі Рамон Ортега Монтестің (Испания), сондай-ақ шетелдік төрешілер мен теннисшілердің пікірінше, алматылық "WTT Youth Contender" тамаша ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.


Талап Қойбағаров