Үстел теннисінен "WTT Contender Almaty" турнирі еліміздің оңтүстік астанасында жалғасуда, бірақ қазақстандық спортшылар онда өнер көрсетпейді. 1/8 финалда Сарвиноз Мирқадірова Оңтүстік Корея командасы құрамасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Чой Хёджуге 1:3 есебімен жол берді және біздің аралас жұп (микст) Алан Құрманғалиев/Сарвиноз Мирқадірова қытайлық дуэт Сян Пэн/Лю Вэйшаньге 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Сенбіде микстегі чемпион мен жүлдегерлер, ал жексенбіде жеке, жұптық
разрядтағы алтын, күміс, қола жүлделердің иегерлері анықталады.
Талап Қойбағаров