Қазақстандықтар төртеуден екі жолдама ұтып алды

11.01.2019

Бішкекте (Қырғызстан) (ITTF) «Regional Hopes Week & Challenge» Халықаралық үстел теннисі федерациясы бағдарламасының жаттығу жиыны мен турнирі аяқталды. 10 ұл мен 9 қыз Ираннан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан «The Asia Continental Hopes Week»-ке төрт жолдамаға сайысқа түсті. Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваның сұхбаты: «Финалға дейін Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Рамазан Назир (Түркістан облысы), Алиса Цвигун (Астана) және Виктория Мочалкина (Қарағанды) қарсыластарын оп-оңай жеңіп шықты. Қазақстандықтардың арасындағы кездесуде Алиса ауыр қарсыласы Виканы жеңді, ал Алан сенімді түрде Рамазаннан басым түсті. Тур арқылы Виктория ирандық Тара Соуриден мықтырақ екен 3:2, екінші орынға шықты.

Алиса чемпиондық титулға сергек шықты, бірақ соңғы матчта Тара Соуриге қарсы сескеніп оны жеңе алмады, өзінің ойынын көрсете алмады, таза есеппен 0:3 жол берді. Соңында ирандық есептері бойынша бірінші, Виктория Мочалкина екінші, Алиса Цвигун үшінші.

Ұлдар арасында шеберліктері арқылы, ойынның деңгейі бойынша ерекше көрінген Алан Құрманғалиев пен Реза Шариати (Иран). Екі спортшы да кедергілерсіз финалға дейін жетті, ирандық мықты ойнады. Жауынгерлік көңіл-күй, күрделі қайтару, бұрышқа ұзын өрім топ-спиндарымен қатаң шабуылдар оны жеңіске жеткізді. Алан бірінші партияның басында ирандықтың мықты шабуылдары қатарынан кейін сескеніп қалды, қарсыласына бастаманы беріп қойып, жайбасар ойнай бастады. Реза Шариати қатесіз өзінің артықшылығын пайдаланды. Екінші, үшінші сеттерде Реза Аланды сол жақ бұрышта қыспаққа алды, қазақстандық топ-спинді сол жақтан бастағанда ол ирандық үшін қиын болған жоқ. Алан ойынды оң жаққа ауыстырды, ал Реза Шариати мықты қарсылықты жалғастырды, көмбеге тура түсті және лайықты чемпион атанды. Алан екінші, Рамазан Назир үшінші. Бішкектегі турдың қорытындысы мынадай: Ирандықтар Реза Шариати, Тара Соури, қазақстандықтар Алан Құрманғалиев пен Виктория Мочалкина лицензия ұтып алды және «The Asia Continental Hopes Week» турнирінде ортаазиялық аймақтан ұсынылды.

Суретте солдан оңға қарай: жаттықтырушы Ержан Есімханов, Назир Рамазан, ITTF сарапшысы Париня Нонсагатэ (Таиланд), Алан Құрманғалиев, ел құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева, Виктория Мочалкина және Алиса Цвигун.

Талап Қойбағаров