Кореяның Пусан қаласында үстел теннисінен әлем чемпионаты өтуде және бірінші ойын күнінде Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары Сауд Арабиясы, Австралиядан келген қарсыластарын жеңді.
Ерлер. Қазақстан-Сауд Арабиясы 3:0
Кирилл Герасименко – Халид Альшареиф 3:0;
Айдос Кенжеғұлов - Әли Альхадрави 3:2;
Алан Құрманғалиев – Абдулазиз Шулайби 3:0.
Ел құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың пікірі: "Бұл
матчта біз фаворит болдық. Жоспар бойынша Кирилл екі ұпай және бір ұпайды Алан
немесе Айдос беру керек болды. Нәтижесінде 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Айдостың
қарсыласы Сауд Арабиясы құрамасының көшбасшысы болды. Бірінші партияда қазақстандық
белсенді ойнады, алайда доп беру тәсілдерін түсінбей біраз шатасып қалды, бірақ
матч барысында қалпына келді және бәрі біз үшін жақсы аяқталды. Алан Құрманғалиев
қарсыласын оңай түрде жеңді".
Әйелдер. Қазақстан-Австралия 3:2
Зәуреш Ақашева - Фан ЦзяньЛэй 2:3;
Сарвиноз
Мирқадірова - Мишель Бромли 3:0;
Анастасия
Лаврова - Мелисса Тэппер 3:1;
Сарвиноз
Мирқадірова - Фан ЦзяньЛэй 0:3;
Зәуреш Ақашева - Мишель Бромлиe 3:2.
Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы
Дмитрий Переверзевтің пікірі:
"Әлем чемпионатында әлсіз қарсыластар
жоқ. Бүгін біз тарихымызда алғаш рет Австралия құрамасымен ойнадық, оның құрамында
алты жазғы Олимпиаданың қатысушысы қытайлық Фан ЦзяньЛэй болды, ол тәжірибелі
спортшы, өте мықты ойнайды.
Зәуреш, Сарвиноз, Анастасия нағыз
командалық ерік-жігерді көрсетті, әр ұпай үшін күресті және бұл сәттілік әкелді.
Біз тактикалық тұрғыдан шыдадық, ұзақ және жылдам, әдемі ұтыстар болды. Мен әлем
чемпионатын жеңіспен бастағанымызға өте қуаныштымын".
Талап Қойбағаров, Пусан қ. (Корея)