(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының төрешілер комитеті осы саладағы жаңа таланттарды анықтау мақсатында жас төрешілерге арналған кезекті жобаны іске қосады. Онлайн тәлімгерлік, тәжірибелік семинарлар, халықаралық бағалаулар және жергілікті тәжірибе Дакардағы 2026 жылғы жазғы Жасөспірімдер Олимпиада Ойындарына төрешілік етуге үміткерлерді анықтауға көмектеседі.
Іріктеу
екі кезеңде өтеді:
I
кезең: (тамыз - желтоқсан 2025
жыл):
ITTF сарапшыларының жетекшілігімен онлайн тәлімгерлік, қажетті білім мен дағдыларды
алу.
II
кезең: (2026 жылғы қаңтар - тамыз): Онлайн семинарлар, жобаларды бағалау және
нақты уақыттағы тәжірибелер.
2026
жылдың қазан айында Дакарда қорытынды оқыту өтеді.
Қазақстанның
үстел теннисі Федерациясы
ITTF критерийлеріне сәйкес келетін екі үміткерді ұсынды-бұл халықаралық
санаттағы төреші Дильназ Жалалдин
(Алматы) және спорт төрешісі Артём Орел
(Қарағанды).

Талап Қойбағаров

