Екі қазақстандық теннисші, ағайынды Дастан және Айдос Кенжигуловтар 2024/2025 спорт маусымын Австрия чемпионатында өткізеді, олар «Badener AC» (Баден қ.), «UTTC Stockerau» (Штоккерау қ.) клубтарында өнер көрсететін болады.
Айдос Кенжигулов:
«2018 жылдан
2022 жылға дейін мен «Badener AC» клубында өнер көрсеттім, Австрияда өткізген
уақытым туралы менде жақсы естеліктер қалды. Екі жылдан кейін біз ағам екеуміз
іріктеуден өтіп, Еуропадағы ең мықты лигалардың біріне қосыла алдық».
Дастан Кенжигулов:
«2023 жылдың қаңтарында
мен Австрияда командамен бірге оқу-жаттығу жиынында болдым және мені «Badener
АС» клубының менеджерлері байқады. Келісімшартқа қол қойып, маусымды ойдағыдай өткіздім,
биыл келісімді ұзарттым. Енді Айдоспен бір чемпионатта өнер көрсететінімізге өте
қуаныштымын».
Дастан және
Айдос Кенжигуловтарға табысты спорт
маусымын тілейміз және Австриядағы уақыт олардың шеберлігіне оң әсер етті деп үміттенеміз.
Талап Қойбағаров