Алматыда "ADD Ustel Tennis Ortalygy"-да 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына Орталық Азия іріктеу турнирі өтті. Өңірден жалғыз жолдама үшін Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан командалары ерлер мен әйелдер санаттарында сайысқа түсті.
Спортшылар Кирилл Герасименко, Алан Курмангалиев, Айдос
Кенжигулов өз қарсыластарын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, бірінші орынды
иеленді және әлем чемпионатына жолдама алды.
Қазақстандықтар Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Анель Бахыт
Қырғызстаннан келген теннисшілерден оңай өтіп, Өзбекстан құрамасының тартысты қарсылығына
тап болды. 0:2-есебімен жеңіліп жатып, біздің қыздар жеңіске
деген ерік-жігерлерін көрсетіп, табанды күресте 3:2 есебімен жеңіске жетті және
енді әлемдік біріншілікке дайындалатын болады.
Спортшыларды, тәлімгерлер Эльмира Алиеваны,
Дмитрий Переверзевті, Евгений Тимченконы, Геннадий Герасименконы Орталық Азия
біліктілік турнирінде тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, командалық әлем чемпионаты 2026
жылдың мамыр айында Лондонда, 1926 жылы өткізілгеннен тура 100 жыл өткен соң өтеді.



Талап Қойбағаров

