(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының және (WTT) Әлемдік үстел теннисінің төрешілер комитеті Қазақстан федерациясына халықаралық санаттағы төреші Гульназ Жалалдиннің (Алматы) «WTT Youth Contender Cairo 2025» турнирінің төрешілер бригадасының құрамына кіргені туралы хабарлады, ол жарыс ағымдағы жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Мысырда өтеді.
Гульназ Астанада
өткен 2024 жылғы Азия чемпионатында, «WTT Youth Contender Almaty 2023, 2024, 2025», «WTT Contender Almaty 2023, 2024, 2025», «Central Asian Regional Qualification Tournament for 2026 World Team Table Tennis Championships» жарыстарында көрсеткен тәжірибесі мен
тамаша нәтижелері негізінде таңдалды.
Талап Койбагаров

